RU

Сүйіктісіне кеткен астаналық студентті туыстары үш жылдан бері іздеуде

Үш жыл бұрын жоғалып кеткен Арман Ғазиздың туыстары әлі күнге дейін оның тірі екенінен үміт үзбеген. Олар жас жігіттің аман-есен табыларына сенімді. Туған ауылына жол тартқан елордалық студент жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен деп жазады «Хабар 24»-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арман Ғазиз. Кадр: Хабар 24
Арман Ғазиз. Кадр: Хабар 24: Facebook

Туыстарының айтуынша, Арман Астанадағы құрылыс колледжінің бірінші курсында оқыған.

Жоғалып кеткен күні студент кешке қарай Маншүк Мәметова ауылындағы үйіне аттаныпты. Елдімекен елордаға жақын маңда орналасқан. Анықталғандай, жас жігіт жол жөнекей көлік тоқтатқан көрінеді.

Арманның әпкесінің айтуынша, ол Жалғызқұдық көрші ауылынан түсіп қалып, әкесіне өзін алып кетуін айтып, хабарласқан. Алайда, көлік істен шығып қалған.

Сол себепті, жас жігіт досына әлеуметтік желі арқылы хабарлама жібермек болады. Бірақ, хабарламаны досы тек бір сағаттан соң оқыған. Арман жазып жіберген жерге барғанда оны таппай қойған. Тіпті, ұялы телефоны да сөндірулі болыпты.

Соңғы қоңырауды ұялы телефон операторы жігіттің жоғалып кеткен жерінен тіркеп алған. Сол күйі одан хабар жоқ.

Студенттің жақындары оған не болғаны жөнінде түрлі болжам айтуда. Бірі Арманның адасып кеткенін айтса, енді бірі оны біреу ұрлап кетті деп есептейді.

Жас жігіттің туыстары оның салмақты болғанын айтып, суреті озат оқушылар қатарында ілініп тұрғанын жеткізді.

Оған қоса, аптаның ортасында студенттің ауылға сүйіктісі үшін барғаны белгілі болды. Алайда, Арман онымен де көрісіп үлгермеген.

Бұған қарамастан, жігіттің туыстары оның аман-есен қайтып оралатынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780793-sjiktisine-ketken-astanalyk-studentti-tuystary-s-zyldan-beri-izdeude/