RU

Тараздағы жарылыс: Қасымбек бастаған үкімет комиссиясы оқиға орнына келді

Тараз қаласындағы жарылыс болған жерге премьер-министрдің орынбасары бастаған үкімет комиссиясы келіп жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Комиссия Тараздағы жарылыс болған үйді қарап шығып, тұрғындар уақытша қоныстанған мектепке қарай кетті.

Шенеуніктер зардап шеккендермен тілдескен.

Қазіргі уақытта жиналыс өтуде.

Еске сала кетсек, Жамбыл облыстық ТЖД 27 ақпан күні таңертең Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ажал құшқанын хабарлаған. Оқиғаның алдын ала себебі газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау болуы мүмкін.

Жарылыстан көз жұмған бір ер азамат пен бойжеткен болып шықты.

Қазір дәрігерлер бас жарақатын алған 14 жастағы жасөспірімгеота жасап жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайға қатысты арнайы тергеу комиссиясын құруды тапсырды.

Ғаламторда желі қолданушылары оқиға орнында түсірілген суреттермен, видеолармен бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780954-tarazdagy-zarylys-kasymbek-bastagan-kimet-komissiasy-okiga-ornyna-keldi/