Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 6 жасар қыздың үстіне балабақшадағы шыны есік құлап кетті

Опубликовано:

Шымкентте алты жасар қыздың үстіне балабақшадағы шыны есік құлап кеткен. Балақайдың беті жараланғанына қарамастан, тәрбиешілер оның ата-анасына болған оқиғаны айтпаған деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кадр: "Евразия" бірінші арнасынан алынды
Кадр: "Евразия" бірінші арнасынан алынды: Instagram

Балабақша әкімшілігі зардап шеккен қыздың отбасына ешқандай көмек көрсетпеген.

"Біз бәрін өзіміз төлейміз" деді. Егер терең тыртық қалса, оны да дұрыстауға көмектесетінін де айтты. Тіпті қызға қарайласатын бала күтуші де тауып бермек болған. Сондықтан полицияға арызбанбадым", - дейді қыздың анасы Кәмшат Әзімбаева.

Алайда балабақша басшылығы берген уәдесін ұмытыпты.

Ал Кәусар (ред: қыздың есімі) балабақшаға баруға қорқып қалған. Оның басы жиі ауыра беретін болған.

Анасының айтуынша, қызының емделуіне бір млн теңге қаражат керек.

Қалалық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Перизат Бекетаеваның айтуынша, балабақша басшысы, тәрбиеші мен мейірбикеге тәртіптік шара қолданылды. Сонымен қатар, ведомстводан полицияға арыз түскені белгілі болды.

"Балабақшаның басшысы, тәрбиеші және мекемедегі мейірбикеге өз қызметін дұрыс пайдаланбағаны үшін тәртіптік шара қолданылды. Сондай-ақ білім басқармасының атынан аталмыш мекемеге арыз жазылды", - дейді қалалық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Перизат Бекетаева.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаны тергеп жатыр. Балабақшаға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті балабақша басшысы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781014-symkentte-6-zasar-kyzdy-stine-balabaksadagy-syny-esik-klap-ketti/

pixel