Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зейнетақы алған шалдар жезөкше қыздар үшін вокзалға келетін болған

Опубликовано:

Ақтөбедегі вокзал маңында жезөкшелер азаймаған. Жеңіл жүрісті қыздарды іздеп келушілердің қатарында 70 жастан асқан қариялар да бар болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе темір жол вокзалы
Ақтөбе темір жол вокзалы: Original

Вокзал маңында пәтерді сағатына жалға беретіндер тәнін сатқан қыздарды кімдердің іздеп келетінін айтып берді.

"Мен осы жерде 10 жылдан аса жүрмін. Бұл жерде өзін саудалап жүрген қыз жеткілікті. Оларды іздеп жас жігіттер көп келеді. Жап-жас жігіттерге қарап ішің удай ашиды. Жігітті қойшы, қалтың-құлтың еткен шалдар келеді. Зейнетақыларын алғаннан кейін жас қыздарды іздеп жүреді. Арасында 60-тың айналасы мен 70-тен асқандары да бар. Немере, шөбере өсіріп отыратын ақсақалсымақтар зейнетақысын алғаннан кейін "қыздар бар ма?" деп сыбырлап жүреді", - дейді Зияда есімді пәтер саудалаушы.

Кейіпкердің сөзінше, жеңіл жүрісті қыздарды іздеп келетіндердің барлығы қазақтың қариялары.

"Вокзалдың қасында жезөкшелер жоқ емес. Тәнін саудалап жүргендердің де небірі болады. Солардың соңында аяғын сүйреп басқан шалдар жүреді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781136-aktbede-zejnetaky-algan-saldar-zezkse-kyzdar-sin-vokzalga-keletin-bolgan/

pixel