RU

Кәсіпкерден 500 мың доллар бопсалаған алаяқтар құрықталды (видео)

Өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлеріміз деп таныстырған азаматтар кәсіпкерден жарты миллион доллар талап еткен деп хабарлайды Almaty.tv арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпкерден 500 мың доллар бопсалаған алаяқтар құрықталды (видео)
Фото:Видеодан скриншот: Instagram

Мұндай қомақты ақшаның есесіне ер адамдар заңсыз биржалық келісімшарттарға көз жұмуды уәде еткен. Алайда ұлттық бюроның шынайы қызметкерлері алаяқтар алғашқы ақша мөлшері - 20 миллион теңгені алу кезінде құрықтады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында екі азаматтың жасаған алаяқтығы анықталды.Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері болып барып, акционерлік қоғам төрағасынан талап еткен 500 мың доллардың орнына 20 миллион теңгені алу үстінде ұсталды», - деп хабарлады МҚІСЖҚА департамент директоры Арман Сердалин.

Оның сөзінше, күдіктілер кінәларын толық мойындағандықтан, олар тұтқындалмаған.

"Күдіктілерге қатысты жеделдетілген сотқа дейінгі амалдарын жүргізу туралы өтінішхат түсті. Тергеу жалғасуда", – деп мәлімдеді департамент басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781293-ksipkerden-500-my-dollar-bopsalagan-alaaktar-kryktaldy-video/