Шымкентте ұлттық бюро қызметкерінен 10 млн теңгенің мүлкі тәркіленді
Опубликовано:
Шымкентте ұлттық бюро тергеушісін 200 мың долларды ұрлады деген күдікпен ұстады деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тексеру барысында шенеунік құны 10 миллион долларға бағаланған мүліктің иесі екені анықталды.
Бұрынғы тергеушінің жеке үйі жеті миллион теңгеге бағаланған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Сондай-ақ, тергеушілер ұрланған ақшаның үштен бірін анықтай алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ернар Баянғазиннің айтуынша, ұсталған адамның қылмыстық іс-әрекеті 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді.
"Бүгінгі күні 67,5 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен күдіктіні тергеу жолдарымен анықтағанымызды айта аламын", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781325-symkentte-lttyk-buro-kyzmetkerinen-10-mln-tegeni-mlki-trkilendi/