Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал журналист ақшаға мастанып кеткен қазақ әншілерін сынап тастады

Жарияланған күні:

Журналист Жарас Кемелжан ысырапшылдыққа салынып жүрген кейбір әнші-әртістердің әрекетіне көңілі толмайтынын ашық айтты. Ол көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылардың күнкөрісі басты тақырыпқа айналған тұста ақшаларын жаратарға жер таппай, "далаға" шашып жатқан өнер жұлдыздарын сынап тастады деп хабарлайды Жас қазақ.

Көрнекі фото: сeo.ru
Көрнекі фото: сeo.ru: Facebook

Журналист бір-екі мүшелге толған туған күнін ұлан асыр той етіп жасаған әншіні түсіне алмайтынын жеткізді.

"Соны әлдеқандай ұлан-асыр той қылып, ақшадан шашу шашып, көк қағаздың үстінде аласұрып биледі. Ол аздай әке-шешесі мен бауырлары құны шамамен 100 мың доллардай тұрайтын темір тұлпар сыйлап, оны әлеуметтік желіге салды", - деді ол.

Ашынған азамат біреудің байлығын санамайтынын алға тартты.

Ол Астанада бес сәби отқа оранып, жұрт есеңгіреп жатқан уақытта шетелдегі демалысына "мастанып" жүрген осы әншіні түсіне алмайтынын білдіріп, әнші деген ұғымға анықтама бере кетті.

"Әнші деген кім? Ол – халық сүйген, әнін тыңдап, өнерін бағалаған қарапайым адам. Халық алақанына салмаса, әнші де, әртіс те ешкім емес. Сондықтан, халықтың алдында дүние-мүлкімен мақтану, ішкен-жегенімен масаттану артық", - Жарас Кемелжан.

Ол қазақстандық "жұлдыздар" сияқты, шетелдің әнші-әртістері де миллионер екендігін жеткізді.

Журналистің сөзінше, олар жұрт қиналып жатқанда, дәл осындай ерсі қылық жасамайды екен.

"Аты әйгілі Анжелина Жолидің өзі Африкада аштықтан бұралып жатқан балалардың бірін асырап алып, жұртты сүйсіндірді. Әлгі ақша таптап, бас-басына көлік мініп жүрген біздің әншілер, кино жұлдыздары көпбалалы аналардың біріне пәтер емес-ау, жай ғана жатақхана алып берсе, онысын әлеуметтік желіге салса, қалай болар еді? Жұрт төбесіне көтеріп, "Халық қаһарманы" жасап жіберер еді ғой.
Әй, бірақ біздің қалталы әнші-әртістердің ондай жомарттыққа баратынына күмәнім бар. Тіпті, солардың жетімдерді жебегенін, біреуге көмектескенін естімеппіз", - деп ашынды ол.

Қоғам белсендісі жақында тойдың гүлі болып, жерге жатып билеген "жұлдызды" да сынап өтті.

"Биінің иірімін ұмытып қалды ма, соңына қарай аунады. Үндінің ғашықтық киноларындағыдай дөңгеледі. Әртіс қой дедік! Бірақ үндінің қыздары жасыл шөптің үстінде, ғашық жігітінің құшағына құлайтын. Ал біздің әлгі танымалы актрисамыз жалғыздан-жалғыз еденде аунап жатыр", - деді Жарас Кемелжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781421-tanymal-zurnalist-aksaga-mastanyp-ketken-kazak-nsilerin-synap-tastady/