Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

NUR.KZ-ке 10 жыл: Біз осы уақытта қандай жетістіктерге жеттік?

Опубликовано:

2009 жылдың 4 наурызында, тура 10 жыл бұрын NUR.KZ порталының ресми ашылуына байланысты баспасөз конференциясы өтті. NUR.KZ IT-компаниясының 10 жылдық мерейтойына орай біздің бас редактор оқырманға кіші және үлкен жетістіктерімізді баяндайтын хат әзірледі.

NUR.KZ

Менің аты-жөнім Гүлназ Абдували. Мен KAZ.NUR.KZ редакциясының жетекшісімін.

NUR.KZ-ке мен 2016 жылы редактор лауазымы бойынша жұмысқа тұрдым. Ал қазір KAZ.NUR.KZ қазақ тіліндегі жаңалықтар редакциясын басқарып отырмын. (қызықты ақпарат: NUR.KZ негізі қаланған кезде мен 13 жаста болғанмын).

2009 жылдың төртінші наурызынан бастап біз Қазақстанның және бүкіл әлемнің ең маңызды ақпараттары жайында жазып келеміз. Ал біздің тілшілер үнемі ең қызықты, әрі көкейтесті тақырыптарды іздейді.

Қазақ тіліндегі журналистиканы дамытып жатқанымызға 10 жыл болды. Осы уақыт аралығында KAZ.NUR.KZ-те ондаған мың мақала, сұқбат және авторлық материалдар жарық көрді.

Күнделікті KAZ.NUR.KZ редакциясы қазақ тілінде 80-нен аса материал жариялайды.

Біз оқырмандарымызға тұрақты негізде көмектесеміз.

2016 жыл. Біз Шымкент қаласында тұратын алты баласы бар жалғызбасты көпбалалы ана туралы жаздық.

Әйел адам қоқыс полигонында жұмыс істеп, әрең күн көріп жүрген. Отбасы тозығы жеткен құлайын деп тұрған үйде өмір сүріп жатқан болатын. Ал тапқан табысы азық-түліктен артылмайтын.

Мақала жарық көргеннен кейін Түркістан облысының кәсіпкері оған үй тұрғызып берді.

2017 жылы біз бүкіл елімізді жаға ұстатқан хикая туралы жаздық. Науқас анасын баққан жеткіншек пәтер жалдауға ақшасы болмағандықтан, тоғайды паналауға мәжбүр болған.

Мақала жарияланғаннан кейін Қазақстанның барлық аймақтарынан NUR.KZ оқырмандары отбасы үшін ақша жинады, ал бір кәсіпкер оларды өз жатақханасында тұрғызды.

Бізде мұндай хикаялар жетіп артылады.

2018 жылы KAZ.NUR.KZ бір айлық аудиториясы 2,2 млн адамнан асты.

NUR.KZ-ке 10 жыл: Біз осы уақытта қандай жетістіктерге жеттік?

Оқырмандарымыздың мемлекеттік тілдегі жаңалықтарға қызығушылығы зор екенін білеміз, сондықтан материалдарымызды қызықты, әрі танымдық етуге тырысудамыз.

Мысалы, осы жыл басынан бері қазақ тілді контентті жаңарту жұмыстарын бастадық. Жаңа интерактивті тестер, рейтингтер және сауалнамалар қостық.

KAZ.NUR.KZ оқырмандары еліміздің ең келбетті әкімін таңдады (ең келбетті әкім - Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахымов атанды).

Сауалнама жүргізіп, біздің оқырмандарымыздың қай жұлдызды ең әдемі санайтынын анықтадық. Сондай-ақ қазақстандықтардың қайда демалуды ұнататынын білдік.

"NUR.KZ - Жаңалықтар" тобы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі БАҚ арасында ең көп кірілетін топ. Оқырман саны - 423 мың адам.

Facebook желісінде біздің "NUR.KZ - Жаңалықтар" тобындағы материалдарымызды 141 мыңнан аса қолданушы оқиды.

2019 жылдың қаңтарының статистикасы:

- 2 мың материал

- 15 млн оқылым

- 2,2 млн оқырман

NUR.KZ қосымшасын 3 миллионнан аса Android қолданушы және 570 мың iOS қолданушысы орнатты.

Біздің командамыз осы жеткен жетістіктермен шектелмейді, бірегей контент жасау жұмыстарын жалғастыруда.

KAZ.NUR.KZ оқырмандарына көрсеткен қолдау үшін алғыс білдіреді! Сіздер бізді өркендеуге жетелеп, қазақстандық журналистиканы дамытуға өз үлестеріңізді қосудасыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781464-nurkz-ke-10-zyl-biz-osy-uakytta-kandaj-zetistikterge-zettik/

pixel