Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 13 жастағы қызын туған әкесі зорлаған әйел бар шындықты айтты

Опубликовано:

Ақтөбеде туған әкесі бірнеше жыл бойы қорлаған 13 жастағы жасөспірімнің анасы болған жағдайды баяндап берді. Жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартқан баланың туған әкесі әйелдің 14 жылдан бері тұратын күйеуі болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: ptzgovorit.ru
Фото: ptzgovorit.ru: Instagram

Әйелдің айтуынша, екі рет жасалған медициналық сараптама да расталған.

"Бұл жағдайды қызымнан 26 ақпан күні ғана білдім. Кәдімгі отбасылардай тұрып жаттық. Бірге балаларға киім аламыз. Тамақ аламыз. Балаларын ойнатып жүрген жақсы әке деп танимын. Жазда өзенге, қыста тауға апарады. Екі қызымыз бар. 14 жылдан бірге тұратын заңды некедегі жолдасым. Енді міне, мынадай жағдай болып тұр. Өз қызын... Айтуға аузым бармайды. Қызыма екі рет жасалған медициналық сараптама расталды", - дейді анасы.

Әкесінің қорлығына шыдамаған қызы болған жағдайды анасына жайып салған.

"Қызым "шаршадым" дейді. Ол өзін мазалай берген соң айтып тұр. Жағдайдың бәрі түнде болған. Мен кіші қызыммен ұйықтап жатқанда оны оятып алған. "Егер біреуге айтсаң өлтіремін. Сені ешкім таба алмайтын болады. Сен сияқтыны біз тағы туып аламыз" деп қатты қорқытқан. Өзінің туған қызы. Ешқандай күдік болған жоқ. Мені қазір қызымның жағдайы ғана алаңдатады. 
Қазір оған телефон да ұстатпаймыз. Қызым біздің отбасы туралы барлық жерде айтылып жатқанын білмейді. Қызымды енді қалай сыртқа шығарамын?! Оның сыныптастары, қызым баратын көркем сурет, музыка мектебіндегілер жағдайды біледі. Олимпиадаға қатысып жүрген қызымның тағдырына балта шабылды", - дейді анасы.

Әйелдің айтуынша, жолдасының жүк таситын көлігі бар жеке кәсіпкер.

"Қашып кеткеннен кейін басқа нөмірден ол қоңырау соғып, кешірім сұрады. Сол кезде полицияда отырған болатынмын. Қазір оның қолында ешқандай құжаты жоқ. Барлығы менде. Тек қолында 120 мың теңгедей қаржы бар. Мен құқық қорғау орындары тиісті жаза береді деп сенемін", - дейді әйел.

Болған жағдай жасөспірім оқитын мектеп басшылығын да алаңдатып отыр.

"Біз үшін де бұл жаңалық жақсы болған жоқ. Жағдай туралы естіген бойда психолог баламен сөйлесті. Бала кешегі күнге дейін сабаққа келіп жүрді. Соңғы ата-аналар жиналысына әкесі келді. Мектепке көмектесіп тұрады", - дейді мектеп директорының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылғы қызын зорлаған әкеге іздеу жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781466-aktbede-13-zastagy-kyzyn-tugan-kesi-zorlagan-jel-bar-syndykty-ajtty/

pixel