RU

Астана мен Ақмола облысында дауылды алдын ала ескерту жарияланды

Астана мен Ақмола облысында қар мен жаңбырдың салдарынан дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Бұл туралы ІІМ қарасты Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото. Ria.ru
Фото. Ria.ru: Instagram

Синоптиктердің айтуынша, 3-4 наурыз күні Ақмола облысында жауын-шашын күтілуде. Оған қоса, қар мен жаңбыр аралас қатты жел, тұман мен көктайғақ болмақ.

Бұл күндері оңтүстік-батыс бағытта қатты жел соғады. Ол секундына 20 метрді құрамақ. Бұл көрсеткіш секундына 23-28 метрге жетуі әбден мүмкін.

Астанада 3-4 наурыз күні қар мен жаңбыр жауып, тұман мен көктайғақ күтілуде. Елордада да қатты жел орын алмақ. Ол секундына 15-20 метрді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781606-astana-men-akmola-oblysynda-dauyldy-aldyn-ala-eskertu-zarialandy/