Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында алты жасар баланың үстіне шкаф құлады

Опубликовано:

Ақтөбеде 6 жасар баланың үстіне шкаф құлады. Оқушының ата-анасының айтуынша, мұғалім мен мектептегі медбике алғашқы медициналық көмек көрсетпеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысында алты жасар баланың үстіне шкаф құлады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға 28 ақпан күні Алға ауданындағы Бестамақ орта мектебінде орын алған.

"Азғантай жарақат алған баламды мектептен алып кету керектігін айтып, қоңырау соғылды. Өзім жұмыста болғандықтан үлкен ұлымды жібердім. Үйге әкелгенде үсті қан-қан болып келген баламнан шошып, әйелім жедел жәрдем шақырған... Ұлымды балалар ауруханасына апардым", - деді әкесі Қанат Тайланов.

Ол мектепке барып, мән-жайды анықтағанын алға тартты. Сынып жетекшісінің айтуынша, нашар бекітілген шкаф баланың үстіне құлаған.

"Мұғалімдер жедел жәрдем шақырудың орнына баланы киіндіріп үйге қайтарып жіберіп тұр. Мектеп медбикесі тарапынан да алғашқы көмек көрсетілмеген.

Мектептің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі ескерту айтқаным үшін өзіме жұдырық ала жөнеліп, медбике баланың тірі қалғанына риза болу керектігін айтты.

Менің бұл шағымымды құқық қорғау қызметкерлері, білім басқармасы және әкімшілік қызметкерлерінің қадағалауын сұраймын",- деді ол.

Осы оқиғаға қатысты Алға ауданының әкімдігі пікір білдірді.

"Оқиға туралы хабардармыз. Бастауыш сыныпта оқитын бір баланың үстіне киім ілетін шкаф құлап кеткен. Қазіргі уақытта осыған қатысты тәрбиешіге шара қолданылып жатыр. Мұғалімдердің айтуынша, құлаған кезде ондай көгеру болмаған. Бірақ бәрі анықталатын болады. Әлі де анықталу жұмыстары жасалады", - деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуар Қонжар.

Жергілікті білім басқармасы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781832-aktbe-oblysynda-alty-zasar-balany-stine-skaf-klady/

pixel