Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көп балалы отбасының екі бірдей баласы өртте жанып кете жаздаған

Опубликовано:

Астаналық Жәнібек Мәмбетов 2017 жылдың 29 қараша айында болған өрт жайлы айтып берді. "Лазурный квартал" тұрғын-үй кешенінде төрт баласымен тұрып жатқан ер адам, оқыс оқиға болған күні екі баласынан айырылып қала жаздадым дейді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Көп балалы әкенің айтуынша сол күні үйде 11 жастағы Малика мен бір жарым жасар Иманғали атты балалары болған екен. Отағасының келіншегі бір баламен ауруханада болса, тағы бір бөбек балабақшада болыпты.

Алапат өрт орын алған сәтте үйдегі екі бала да ұйықтап жатқан көрінеді. Тек біраз уақыттан кейін ғана үйдің үлкені Малика қатты ыстықтан оянып, кішкентай інісін іздей бастады. Бүлдіршін бір жарым жасар сәбиді үй әжетханасынан тапқан. Кейін Малика әкесіне қоңырау шалып, үй өртке оранғанын хабарлаған.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

Өрт сөндіру қызметінің мамандары келгенше, Малика інісімен бірге көрпешенің астына тығылған.

"Кішкентайымызды Малика әрең дегенде ұстап отырған. Ол тіпті терезеден ұшып кете жаздапты. Сосын түк көрінбей кетіп, балалардың шаштары жана бастаған. Кішкентай шыдамай әпкесінен қашып кетіп, Малика қалың түтіннің арасында оны таппай қалған", - дейді көп балалы әке.

Өрт сөндірушілер келген сәтте пәтердің түгі қалмай жанып кеткен. Құтқарушылар екі баланы жалынның арасынан тауып, ауруханаға жеткізген.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: Facebook

"Кішкентайымызбен жатқан ауруханаға оларды әкеп жатқызды. Олар түтіннен иістеніп қалған екен. Бәрі балалардың аман қалғаны ғажайып оқиға дейді. Сөйтіп бір-ақ күнде далада қалдық. Оған қоса үйге деп жинап отырған 6 миллион теңгеміз де жанып кетті. Дүние-мүліктен де түк қалмады. Тек мейірімді жандар мен сол кездегі әкім Әсет Исекешевтің көмегімен пәтерге жөндеу жүргізіліп, қайта үйімізге кірдік", - дейді астаналық азамат.

Ер адамның айтуынша, қазіргі келіншегі оның екінші әйелі екен. Бірінші некедегі әйелі жол апатынан қайтыс болған көрінеді. Бір қызығы, өрт болатын күні азаматқа бұрынғы қайтыс болған жары түсіне кіріпті.

"Үйленгенімізге бір жыл толғанда жол апатына түстік. Түсімде балаларымды алып, менен қашып бара жатқанын көрдім. Сөйтіп қазіргі әйеліме айтып едім, ол садақа берейік деді. Арасында жарты сағат өтер-өтпестен кейін, үйде өрт болғанын білдік",-дейді көп балалы әке.

Бүгінде ер адам үйде балаларға қарап үйде отырған көрінеді. Азамат жұмысқа әйелі бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан кезде шығамын дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1781840-astanada-kp-balaly-otbasyny-eki-birdej-balasy-rtte-zanyp-kete-zazdagan/

pixel