Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі балалар ауруханасында тегін бахилалар 20 теңгеге сатылған

Опубликовано:

Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасының «Анықтама» терезесінде 20 теңгеден сатылған бахилалар 5 минуттың ішінде тегін таратылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

оооор
Көрнекі фото: MedKontrol: Instagram

Ақтөбедегі «Адалдық алаңы» тобының мүшелері балалар ауруханасына барды. Көппен бірге аурухана қызметкерлерінен бахила сатып алған мамандар орталықтың бас дәрігерінен мұның қаншалықты заңды екенін сұрады. 

Себебі мемлекеттік ауруханада бахила беретін ақылы аппараттар да тұр.

"Бізде бахила тегін, сатылмайды. Қызметкерлердің сатуы мүмкін емес. Ал бахила аппараттарына қатысты келісім шарттың бар-жоғын анықтайтын боламыз. Мен ол аппараттардың барын білмедім", - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

Бас дәрігер бахила беретін ақылы аппараттардың мемлекеттік ауруханаға не үшін қойылғанын, рұқсаты бар-жоғын түсіндіріп бере алмады.

Осыдан кейін ауруханадағы бахила аппараттары 5 минуттың ішінде жоқ болды. Науқастардың көңілін сұрап келгендер әп-сәтте бахила таба алмай, аурухананың алдында босып кетті.

Халықтың наразылығын көзімен көрген басшылар 5 минуттың ішінде 20 теңгенің бахиласын тегін таратып жіберді.

Сонымен қатар, «Адалдық алаңы» тобының мүшелері дәрігерлердің есігіне ілінген анықтама белгілерінің қазақ тілінде де болуын қадағалауды тапсырды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781879-aktbedegi-balalar-auruhanasynda-tegin-bahilalar-20-tegege-satylgan/

pixel