Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде екібасты бұзау туылды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылы тұрғынының сиыры екібасты өлі бұзау туды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде екібасты бұзау туылды
Көрнекі фото: oino.site: Facebook

Ветеринар мамандар ерекше бұзау туған жануарлардың арасында туыстық байланыс болған деп отыр. 

Оның үстіне өзінің баласымен жақындасқан бұқа піштірілмеген болып шықты.

"Оқиға үшінші наурыз күні болды. Комсомол ауылы тұрғынының сиыры екібасты өлі бұзау туды. Иесімен әңгімелесу кезінде жақындасқан жануарлардың арасында туыстық қатынас болғаны анықталды. Яғни бұзау туған сиыр бұқаның баласы болып шықты. Сонымен қатар, белгілі болғандай бұқа піштірілмеген",- дейді аудандық ветеринария бөлім басшысы Әйгерім Дабылова.

Мамандар екібасты бұзаудың мал жою орнына апарылғанын және піштірілмеген бұқа туыстарынан алыстатылғанын жеткізді.

Ескерту! Видеода адамға қатты әсер ететін кадрлар болғандықтан, оны кәмелеттік жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және әсершіл адамдарға көруге болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781947-aktbede-ekibasty-bzau-tuyldy-video/

pixel