Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық жігіттер шаштарын ақшыл сары түске бояуды сәнге айналдыруда

Опубликовано:

Астанада шаш үлгісін өзгертіп, оны ақшыл сары, күлге ұқсайтын түске бояйтын ер адамдардың саны артқан. Елордалық шаштаразшылар бұрындары жігіттер тек шаш алдыртуға ғана келсе, қазір оны боятуға қызығушылық танытатынын алға тартып отыр. Бас шаһардың жас жігіттері әсіресе атышулы "91" тобын жігіттерінің шаш үлгісін "пір тұтатын" көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:homimgo.pw
Фото:homimgo.pw: Instagram

Астаналық Ержан есімді барбер (ред. шаштаразшы) шаш алумен осымен жеті жыл қатарынан айналысады екен. Бастапқыда тек ерлердің шашын қиған жігіт, қазір оны бояумен де шұғылданады.

"Шаш алуды оқушы күнімде әкемнен үйренгенмін. Әкем марқұм ауылдағы ер адамдардың шашын ала алатын жалғыз шаштаразшы еді. Бірақ өзі оқымағандықтан, менің шаштаразшы болуымды қаламады. Сөйтіп, Семейдегі мал дәрігері институтына түсіп, мамандығым бойынша бір-ақ жыл істедім.
Кейін таза жалақыға жан баға алмайтынымды білген соң, Семейдегі сән салондарының біріне жұмысқа тұрдым. Алғашында клиенттерім аз болды, сосын қолым жаттықаннан кейін маған келетін адамдардың қатары көбейе түсті. Сөйтіп жұмысымды тастап, білікті шаштаразшы атандым", - дейді ер адам.

30-дан асқан азамат бүгінде Астанаға келіп, өзінің сән салонын ашқан. Айтуынша Семей тұрғындарына қарағанда, астаналық азаматтар өздерінен ақша аямайды екен.

"Күн сайын түрлі клиенттер келеді. Бірі шаш алғызады, енді сақал-мұртына күтім керек деп жатады. Ал ең қызығы ерлер бүгінде шаш бояуды сәнге айналдырып барады. Бұрындары тек ағарған шаштарын боятатын жандар келсе, қазір шаштарын әйелдер сияқты ақшыл сары, күл түсті түске бояйтындар көбейген. Әсіресе жастар қазір басқалардан ерекше шаш үлгісін жасағысы келеді.
"91", "Ньютон" топтарына еліктеп, шаштарын дәл сол топтағы жігітердікіндей етіп қиып, боятындар да бар. Былайша айтқанда "91" тобындағы жігіттердікі сияқты шаш үлгісі трэндте. Тіпті мелирование жасататын еркектер де кездесіп жатады. Мұндай қызметтердің бағасы әйелдердікіне қарағанда арзан болғанымен, екінің бірі қалтасы көтере бермейді деп ойлаймын. Мысалы бізде шаш алу 7 мың теңгеден басталса, оны бояуға 10 мың теңгеден астам қаражат кетеді. Астана үлкен қала болған соң, мұндағылар шаш күтімінен ақша аямайды.
Бояудың әдіс-тәсілдері мен шаш қию әдістерін түрік шаштаразшысының арнайы курстарынан үйрендім. Өз мамандығым бойынша жұмыс істегеніме қуанбасам, өкінбеймін. Үйдегілер де қазір менің осы таңдауыма көнген. Құдайға шүкір, көптен асып түспесек те, ел қатарлы тіршілік жасап жатырмыз", - деп сөзін түйіндеді шаштаразшы жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782041-astanalyk-zigitter-sastaryn-aksyl-sary-tske-boaudy-snge-ajnaldyruda/

pixel