Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің өмірім": Жалаңаш тәніне шапан жапқан қазақ жігіті өзін сынаған жұртқа жауап берді

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын жалаңаш денесіне шапан жапқан қазақ жігітінің суреті желіге тарап кеткен болатын. Осы орайда жас жігіт не себепті бұл қадамға барғанын түсіндірді деп хабарлайды 31 арна.

Айсұлтан Байбосын. Фото: 31 арна, zhest_kz парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айсұлтан Байбосын. Фото: 31 арна, zhest_kz парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Жалаңаш денесіне шапан жауып, елдің қатаң сынына қалған жігіттің есімі - Айсұлтан Байбосын. Ол үш ай бұрын әскерден оралған.

Жас жігіт елді шулатқан образын Шырын Нарчеваның орнында болып көргісі келгенімен түсіндірді.

"Шырынның суреті тарағанда, оның атына қанша теріс сөздер жазылды. Бұл маған ұнамады. Сондықтан мен де оның орнында болып көргім келді. Бұл менің өмірім. Қазір 21-ші ғасыр ғой. Нені қаласам, соны істеймін. Маған ешкім шектеу қоймайды", - дейді Айсұлтан Байбосын.

Телеараның мәліметінше, семейлік жігіт енді ешқашан мұндай суретке қайта түспейтінін айтқан.

Дереккөз: 31 арна

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782118-meni-mirim-zalaas-tnine-sapan-zapkan-kazak-zigiti-zin-synagan-zrtka-zauap-berdi/

pixel