Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құттықтау қағазынан гүл өсіріп шығарған студенттер елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Алматылық студенттер ерекше кәдесый ойлап тапты. Жастар қарапайым "құттықтау қағазына" хош иісті гүлдер өніп шығатын айрықша жобаның авторлары атанған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Алматылық студенттер аталмыш жоба аясында алғашқы табыстарына да қол жеткізіп үлгерген.

Студенттердің айтуынша, мұндай айрықша құттықтау қағаздары (ред. открытка) арқылы қоршаған ортаға пайда келтіріп қана қоймай, қалдық қағаздың экологияны ластауының алдын алуға болады екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter
"Қалдық қағаздардан жасалған 1 тонна қағаз 17 ағашты сақтап, 3000 литр суды үнемдейді екен. Сол себепті біз дәл осындай жобаны қолға алдық.
  • Оның ерекшелігі – жарамсыз қағаздарды пайдаға асырап, осындай құттықтау хаттарын жасау болып отыр.
Оның бір жағы қарапайым құттықтау қағазы болса, екінші жағында дәннің тұқымы орналасады. Яғни адамдар әлдекімді құттықтап қана қоймай, оған гүл сыйлайды деп ойлай беріңіздер", - дейді студенттер.
Фото: NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Жас мамандар тек 2017 жылы ғана осы жоба арқылы 700 мың теңгедей табыс кіргізсе, былтыр жарты миллион теңгедей пайда тапқан екен.

"Айрықша құттықтау қағазының бағасы да орташа, шамамен 395 теңгені құраса, өз бағасы бар-жоғы 160 теңгенің маңайын құрайды.

Осындай кәдесыйға қол жеткізген адамдар қайта өңделген қағаздан жасалған, экологиялық таза өнімді алып қана қоймай, ондағы дәнді сеуіп, үйінде гүл өсіре алады.

Қазірдің өзінде біз тәжірибе жүзінде 50-ден астам өскінді отырғызып көрдік. Олардың ішінде көпшілік білетін жалбыз, түймедақ сынды пайдалы өсімдіктер де бар", - дейді талантты жастар.

Фото: NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782355-kttyktau-kagazynan-gl-sirip-sygargan-studentter-eldi-tagaldyrdy-foto/

pixel