Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жыл кездескен жігіті алдап кеткен 27 жастағы ару жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Бес жыл кездескен жігіті алдап кеткен ару жан сырымен бөлісті. 27 жастағы бойжеткен сүйіктісінің басқа қызбен көңіл қосқанын естігенде өзін қоярға жер таппаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: wallhere.com
Көрнекі фото: wallhere.com: Facebook

Сүйіктісінен өзі де сезіктеніп жүрген ару оның басқа қызға барып жүргенін досынан естіп қойған.

"Сол үшін мен ешқандай жігітке қарамай, соны ғана таңдап, сонымен ғана жүргенмін. Жасым 27-де, тұрмыс құрмағанмын. Ол маған үйленеміз деген соң оның ұсынысын күтіп жүрдім. Жасым да келіп қалды. Менімен күнде уақытының көбін өткізеді, сонда қашан басқаға барады деп өзімді жұбататынмын. Сөйтсем, түнде сол қызға барып қонады екен. Есіме түскен сайын жылай беремін. Өйткені, оны жақсы көремін, бірақ енді ол маған қайта келсе де, қабылдамаймын", - дейді ол.

Көзі жасқа малынған ару бес жыл кездескен ғашығын қалай ұмытарын білмейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782466-bes-zyl-kezdesken-zigiti-aldap-ketken-27-zastagy-aru-zan-syryn-aktardy/

pixel