Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзі тірісінде құдайды мойындамаған қоғам белсендісіне жаназа оқылды

Опубликовано:

Тірісінде "Құдайға тіл тигізген" Нағашыбай Есмырзаға жаназа оқылды деп хабарлайды ҚМДБ сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көзі тірісінде Құдайды мойындамаған қоғам белсендісіне жаназа оқылды
Фото: Youtube.com: UGC

Қалалық соттың күту залында жүрек талмасынан құлап, қайтыс болған қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырзаның сүйегін шығару кезінде әлдекімдердің марқұмның туыстарына сес көрсеткені әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. 

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, туыстарын біреулер қорқытқан соң Нағашыбай Есмырзаның денесін ағасы аяқ астынан алып кеткен.

Аталмыш оқиға ел арасында қызу талқыға түсіп, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылды.

Әлеуеттің әрекетін пайымдап, жаназа оқуға молданың келгенін немесе қатыспағанын білу үшін ҚМДБ сұрау салған едік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасайтынын айтты.

Алайда бірнеше күн өткен соң діни басқарма мәлімдеме жасамайтындарын, Facebook  желісінде Оңғар Қабденнің жазбасын растайтындарын жеткізді. 

"Нағашыбай Есмырза шаңырағында болдым. Жаназа шығарылды. Ата салтпен жөнелтілді. Қалғанының бәрі бос сөз", - деп жазды Оңғар Қабден. 

"Адырна" ұлттық порталының бас редакторы үйде тек ер туыстарының қатысуымен наиб имам жаназа шығарғанын мәлімдеген. 

"Осындай хабар шыққан соң басшылық артық мәлімдеме керек жоқ. Осының  өзі жеткілікті деп шешті", - деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782630-kzi-tirisinde-kdajdy-mojyndamagan-kogam-belsendisine-zanaza-okyldy/

pixel