Футболға қарапайым жанкүйер ретінде келген Шымкент әкімі жұртты тәнті етті
Опубликовано:
Шымкент қаласының ер азаматтары халықаралық әйелдер күнінен кейін бірден жергілікті "Ордабасы" футбол клубының жеңісін тойлауға кірісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық премьер лиганы бірінші айналымында "Ордабасы" қарағандылық "Шахтерден" басым түсті. Алаң иелері ойынды 3:0 есебімен аяқтады.

Ойынның бас жанкүйері Шымкент әкімі болды. Әбдірахымов басқалармен бірге ойынды тамашалап, футбол ойыншыларына қолдау көрсеткен.

Ойыннан кейін қала әкімі футбол ойыншыларымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.
"Футбол - қызық ойын. Стадионда балалар көп болғанына қуандым. Бұл футбол болашағымыз екенін білдіреді. Сәттілік сендерге, жігіттер", - деп Ғабидолла Әбдірахымов тілегін білдірді.

Матчтан кейін қала басшысы стадионнан бірден кете алмады. Жанкүйерлер ұзақ уақыт әкімді жібермеді. Олар естелік суретке түсіп, матчты талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782784-futbolga-karapajym-zankjer-retinde-kelgen-symkent-kimi-zrtty-tnti-etti/