RU

Қазақстан 18 жыл бойы іздеген киллер Мәскеуде ұсталды

Ресейлік құқық қорғау қызметкерлері кісі өлімі үшін күдікке ілінген, Интерпол желісі бойынша 18 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады. Ол Қазақстанның сұранысы бойынша іздестірілген деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: lenta.ru
фото: lenta.ru: UGC

Қылмыскердің ұсталуы туралы журналистерге Ресей ішкі істер департаментінің ресми өкілі Ирина Волк айтып берді.

Оның сөзінше, күдікті 2000 жылдың басында айналасына қарулы адамдар тобын жинап, оларға бақылау жасап, ауыр қылмыс жасау үшін жоспар құрыпты.

Қазақстандық билік оны 2001 жылдың тамызында кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен айыптаған.

Қылмыскерді іздеумен Интерпол айналысты.

Ведомствоның хабарлауынша, айыпталушы Қазақстанға берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782896-kazakstan-18-zyl-bojy-izdegen-killer-mskeude-staldy/