RU

Ақтөбеде алаяқтар науқас баланың есепшотынан 790 мың жымқырған

Ақтөбеде алаяқтар науқас баланың еміне жиналған ақшадан 790 мың теңге ұрлаған деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде алаяқтар науқас баланың есепшотынан 790 мың жымқырған
Көрнекі фото: 24.kz: Facebook

Жетінші наурыз күні Instagram желісінде белгісіз біреу науқас балаға көмектесемін деген желеумен картаның нөмірі мен CVV-кодты біліп, есепшоттар емге жиналған 790 мың теңгені иемденген.

Полицейлер бөтен адамдарға банк картасы жөніндегі ақпаратты беруге болмайтынын ескертеді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783087-aktbede-alaaktar-naukas-balany-esepsotynan-790-my-zymkyrgan/