RU

Қостанайда бір топ адаммен ұйымдасып, пара алған шенеунік ұсталды

Қостанайда пара алғаны үшін тағы бір шенеунік тұтқындалды. Қала әкімшілігіндегі жер қатынастары бөлімінің жетекшісі екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арнайы сот шешімі 13 наурыз күні шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын талап етіпті.

Облыстық прокуратурамен келісілген өтінішхатты сот қанағаттандырған.

Шенеунік алдын ала келісім бойынша, бір топ адаммен ұйымдасып пара алды деген күдікке ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783432-kostanajda-bir-top-adammen-jymdasyp-para-algan-seneunik-staldy/