Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да қаруланған ер адам үйге кіріп, бойжеткенді тонап кеткен

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері біреудің үйіне кіріп, пышақ кернеп, бойжеткенді тонап кеткен ер адамды құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстанда қарулы ер адам үйге кіріп, бойжеткенді тонап кеткен
Көрнекі сурет: hronika.info: UGC

Бойжеткен үйінде жалғыз болыпты. Кенет алдынан белгісіз ер адам пайда болған.

Бетін киімінің жағасымен жауып алған қылмыскер бойжеткенге пышақ кернеп, одан ақша талап еткен көрінеді.

Шошып қалған қыз қылмыскерге бар ақшасын берген. Ер адам қылмыс орнынан ізін суытқан.

Бойжеткеннің қорқып қалғаны соншалық, оның тіпті полицияға хабарласуға шамасы болмапты. Полицияға біраз уақыт өткен соң оның құрбысы хабарласқан.

Тәртіп сақшылары қылмыскерді басқа ауданнан жеткен қосымша жасақтың көмегімен құрықтапты.

Ер адам бұрын да істі болған. Қылмыстық кодекстің 191 бабы "Тонау" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783455-sko-da-karulangan-er-adam-jge-kirip-bojzetkendi-tonap-ketken/

pixel