Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Көрісу күнін мереке ретінде енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов премьер-министр Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында "Көрісу күні" мерекесін енгізуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда жаңа мейрам енгізу ұсынылды
Коллаж:azh.kz/almaty-akshamy.kz: Facebook
"Еліміздің батыс аймақтарында жыл сайын 14 наурыз күні көрісу күнін атап өтеді. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр.
Бұл күні адамдар алыс-жақындарына жылы лебіздерін білдіріп, кішілері үлкен адамдардың қалдарын сұрап, амандасады. Адамдар бір-біріне денсаулық, бейбітшілік пен береке тілейді.
Таң атысымен әрбір үйде дастархан жайылып, қонақ күтіледі. Ақсақалдар батасын береді", - дейді депутат.

Оның сөзінше, мейрам 30-шы жылдарға дейін аталып өтілген, бірақ 30-шы жылдардан кейін әртүрлі себеппен Көрісу күні кейбір аймақтарда ұмытылып қалған.

"Көрісу мейрамы - "жеке бір аймақтың мерекесі", дегенмен ол халық арасына кеңінен танылып, маңызы артып келеді. Қазір алыс-жақын шетелде жүрген азаматтарымыз бұл күнді атап өтіп жүр.
Қазір Көрісу күнін ресми түрде мейрам етіп енгізу туралы пікірлер айтылуда. Бұл мереке адамды адамгершілікке, мейрімділікке, жақсылдыққа тәрбиелейді. Үлкенге құрмет көрсетуге баулиды", - деп мәлімдеді сенатор.

Еңсегенов дәстүрді жалғастыру үшін 14 наурызды "Көрісу күні" деп белгілеуді ұсынды.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанның батыс өңірі көрісу күнін атап өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783485-deputat-krisu-knin-mereke-retinde-engizudi-syndy/

pixel