Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға ұшып кете алмаған алматылықтар әуежайда шу шығарды (видео)

Опубликовано:

Facebook қолданушысы "Алматы-Астана" рейсінде көңілі толмаған жолаушылардың жағдайы туралы жазба қалдырды. SCAT әуе компаниясы ұшағының оңтүстік астанадан тұман салдарынан көкке көтеріле алмауы қазақстандықтардың ашуын келтіргкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

фото: Facebook
фото: Facebook: UGC

Оқиға Facebook желісіндегі "Астана-Что? Где? Когда?" тобында жарияланды.

Жазба авторының айтуынша, SCAT әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Астанаға қарай таңғы 6.30-да ұшуы керек болған.

Ол жолаушылардың тіркеуден сәтті өтіп, залда ұшаққа отырғызуды сарғая күткенін жеткізді.

"Жолаушылар сыпайы түрде отырғызу неге кешіктіріліп жатқанын сұрастырды. Компания өкілдері ұшып кетушілер талап етпегенше мардымды жауап қайтармады", - деді желі қолданушысы.

SCAT өкілі ұшаққа отырғызу Астана қаласындағы тұманға байланысты жүзеге аспай жатқанын түсіндірген.

Қазақстандықтар кесте бойынша басқа әуе компанияларымен ұшып кетіп жатқан жолаушыларды көріп, ашулана бастаған.

Жазба авторы әуе команиясының қызметкерлері ыңғайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрамағанын алға тартты.

Осы жағдайға байланысты NUR.KZ тілшісі компанияның баспасөз қызметіне хабарласты.

"SCAT әуе компаниясының Алматы-Астана рейсі Астана қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілді.

Әуе компаниясы мұндай жағдайлардың қолайсыздық тудыратынын жақсы түсінеді және болдырмау үшін жұмыстар жасайтын болады.

Сіздің қауіпсіздігіңіз - біздің басты мақсатымыз", - деді SCAT компаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783750-astanaga-syp-kete-almagan-almatylyktar-uezajda-su-sygardy-video/

pixel