Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қызметкерлері несие алмайтын компания басшысы мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Опубликовано:

Ақтөбеде жұмысшыларына үйлену тойын жасап беріп отырған компания премьер-министр бас сұққан отбасыға үй берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бүгін Ақтөбеде екінші күн қатарынан жұмыс сапарымен жүрген үкімет өкілдерін жергілікті компания басшысы қуантты.

Кеше премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бірнеше көпбалалы отбасылардың үйін аралаған болатын.

"Ақтөбемұнайгазқұрылыс" мекемесінің басшысы министр бас сұққан қызметкеріне кең сарайдай баспана алып беруге уәде етті.

"Премьер-министр бастаған жұмыс тобы барған отбасы біздің мекемеде жұмыс жасайды.

Көпбалалы отбасы Өзбекстаннан алты жыл бұрын көшіп келген.

Алты жылдан бері екі бөлмелі үйден пәтер жалдап тұрады. Қазіргі кезде біз ұжыммен ақылдасып, сол отбасыға баспана алып бермекшіміз.

140 шаршы метрлік жеке үйді тауып қойдық. Кілтін салтанатты түрде табыстаймыз.

Компанияда әлеуметтік көмектер тұрақты жасалады. Жұмысшылар шипажайға демалысқа жіберіледі.

Жылына компаниямен 1-2 үй салып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын шешіп отырған жағдайымыз бар", - деді "Ақтөбемұнайгазқұрылыс" ЖШС-нің директоры Серік Естемісов.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Үкімет өкілдері ел аралау кезінде баспаналы болған Садықовтар отбасының 4 баласы бар. Отағасы 50 мың теңге көлемінде жалақы алып келген.

"Жұмысшыларымыздың 60 пайызы оралман отбасылардан тұрады. Жалақы мөлшері 200 мың теңгеге дейін жетеді. Осы кезге дейін ең көп келін түсірген мекемеміз деп айта аламын.

Себебі, біздегі жұмысшылардың отбасында келін түсіру, қыз ұзату шараларында несие алынбайды. Бізде жасайтын 82 адамның бірінде несие жоқ.

Қызметкерлеріміздің той жасауға да, үй салуға сұраған қаржысын компаниядан береміз.
Ақшаға мұқтаж отбасыларға көмек беріп, белгілі мөлшерін жалақысынан шегеріп отырамыз. Жылына 5-6 адам компаниядан 2-3 миллионнан алып отырады",- деді Серік Естемісов.

Жеке компанияның мұндай қолдауына премьер-министр орынбасарының өзі риза болып, алғыс айтты.

"Серік Мырзабайұлы, бұл отбасыға көмектесіп жатқан сізге көп рахмет. Жолдасының жұмыс жасағысы келеді. Әйелі де тым жақсы.
Балаларын таза ұстап, бағып отыр екен. Сондықтан осындай отбасыға көмек көрсеткеніңіз үшін мың да бір алғыс",- деді Премьер-министрдің орынбасары Гүшара Әбдіқалықова.

82 жұмысшысы бар компания 13 жылдан бері инженерлік жүйелерді тартумен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783783-aktbede-kyzmetkerleri-nesie-almajtyn-kompania-bassysy-mktaz-otbasyga-j-syjlady/

pixel