Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қорғаныс министрінің кубогы үшін волейбол турнирі басталды

Опубликовано:

Елорданың "Жас ұлан" республикалық мектебінде "Наурыз мейрамы" мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына Орталық аппарат құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілері арасында волейболдан жыл сайынғы турнир өтуде.

Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды
Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды: Facebook
"Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Спорттың ойын түрлерін айтатын болсақ, сайыс түрлерінен басқа ол айрықша мәнге ие. Спорттың ойын түрлері үйлесімділік, командалық рух, ерік-жігер мен табандылыққа баулиды. Бүгін біз "Наурыз мейрамы" мерекесіне арналған турнирді өткізіп жатырмыз. Қарулы Күштер басшылығының мақсаты жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар чемпиондарды тәрбиелеу ғана емес, сонымен бірге, әскери қызметшілер арасында спорт пен дене шынықтыруға бұқаралық сипат беру болып табылады", - деді сайыс қатысушыларына қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев.
Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды
Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды: Instagram

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінен кейін Қорғаныс министрі ойынның шымылдығын ашты. Турнирге Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың барлық департаменттері мен басқармаларынан 100-ден аса әскери қызметші қатысуда. Турнир екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде командалар топтық турнирде 4 үздік бөлімшені анықтайды. Екінші кезең барысында жартылай финал және шешуші ойында біріншіліктің жеңімпазы анықталады.

Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды
Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды: Instagram

Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншыларға естелік кубоктар, бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етіледі.

Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды
Астанада Қорғаныс министрінің кубогына волейбол турнирі басталды: Instagram

"Наурыз мейрамын" мерекелеу қарсаңында іс-шара Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың көркемдік ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783832-astanada-korganys-ministrini-kubogy-sin-volejbol-turniri-bastaldy/

pixel