Шымкентте жоғалған төрт жасар бала үй маңындағы алаңнан табылды (фото)
Опубликовано:
Шымкентте жоғалып кеткен төрт жасар бала үй маңындағы алаңнан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баланың ата-анасы полицейлерге балақайдың далада ойнап жүргенін айтқан. Ол соңғы рет қақпа алдында бой көрсеткен. Одан кейін бүлдіршіннің қайда екенін анықтау мүмкін болмаған.

Баланы іздеуге 500-дей полицей мен кинолог атсалысты. Түнгі екіге дейін жалғасқан іздеу жұмыстарына Шымкент Полиция департаментінің басшысы да қатысты.
Артынша Полиция департаменті баспасөз қызметінде хабарлағандай, балақай өз мекен-жайы маңындағы жазық даладан табылған.
"Балақайды жазық даладан тапқанда Алладан аман болуын сұрадық. Қорқып кеттік, ал жақындағанда тек ұйықтап жатқанын аңғардық. Ол өзін жақсы сезінеді",- деді полицейлер.
Баланы ата-анасына шымкенттік полицейлер табыстады. Ол өзін жақсы сезінеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783849-symkentte-zogalgan-trt-zasar-bala-j-mayndagy-alanan-tabyldy-foto/