Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыс әлемінің "серкесі" Алматыда ұсталды (видео)

Опубликовано:

Полицейлер оңтүстік астанада сегіз жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыс әлемінің "серкесін" ұстады деп хабарлайды АКИpress сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akipress.org
Фото: akipress.org: UGC

48 жастағы азамат Қазақстан мен Қырғызстан ІІМ жедел уәкілдерінің бірлескен күшімен қолға түсті. Ол қылмыстық қоғамдастық пен қорқытып алушылықты ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, ол ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі ретінде Қырғызстан ІІМ жедел есебінде тұр.

Шу облысының тумасы бұрын да істі болған. Нақтырақ айтқанда, ол тонау, қарақшылық,, адамды ұрлау, қорқытып алушылық және т.б. үшін жауапкершілікке тартылған.

Қылмыстық әлемде үлкен беделі бар азамат бұрын "қараушы"деген қылмыстық мәртебеге де ие болған.

Ал Алматы аумағында ол қырғыз құқық қорғаушыларынан жалған төлқұжатпен жасырынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783953-2011-zyldan-beri-izdeude-zrgen-kylmys-lemini-serkesi-almatyda-staldy-video/

pixel