Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрмедегі жігіт өмірінде ерекше із қалдырған отбасылы келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Айсұлу есімді келіншек өзінің бірнеше жыл бұрын танысқан жігітін еске алып, сырымен бөлісті деп жазады Алаш айнасы.

Көрнекі фото: vladtime.ru
Көрнекі фото: vladtime.ru: UGC

Айсұлу атты келіншектің айтуынша, 10 жыл бұрын Бағлан есімді жігіт нөмірді шатастырып алып, өзіне абайсызда хабарласқан

Осылайша олардың таныстықтары жалғасқан.

"Күндіз де, түнде де, әйтеуір қол босай қалған кезде бір-бірімізге хабарласып, сөйлесіп жүрдік. Ол маған Семейде түрмеде отырғанын айтты. Қандай себеппен сотталғаны нақты есімде жоқ, бірақ “маған жала жабылды” деді ол. Әңгімесіне қарап, жақсы қызметте істеген деп ойладым", - дейді келіншек.

Айсұлуға Бағланның өмірге деген көзқарасы, болашаққа деген жігері мен сенімі ұнаған.

Түрмеден шыққан соң жұмыс істеймін, жер сатып алып, үй саламын, үйленемін дейтін. Әйелім ең бақытты жан болады, ол үйде ошағымның отын сөндірмей отырса, мен оның бар жағдайын жасаймын, күшті өмір сүруге әрекеттенемін дейтін. Ол менің есімде арманшыл, позитив адам ретінде қалды", - деп жазған екен.

Ұялы телефонмен сөйлесіп жүрген күндердің бірінде Айсұлу абайсызда жігітке ауыр тиетін сөз айтып, оны ренжітіп алған.

“Бостандыққа шыққанда мені күтіп аласың ба? Екеуіміз кездесіп, бір-бірімізді көрейік, жүзбе-жүз тілдесейік” деді. Бірақ бір күні әңгімелесіп отырып, оған байқаусызда көңіліне тиетін сөз айтып қалдым. Не айтқаным есімде жоқ, ол маған қатты ренжіді", - деп шерін тарқатты.

Айсұлу жігіттің көңіліне тиетін ауыр сөз айтқаны үшін өзін кінәлі сезінеді екен. Бүгінге күнге дейін осы қылығы үшін өкінетінін жеткізді.

Қазір келіншектің өз отбасы бар. Кезінде сол күйі кездеспей кеткен Бағланды есіне түсіріп, оның өмірде қандай екенін, қазір қайда жүргенін ойлайды екен. Айсұлудың айтуынша түрмедегі танысы оның өмірінде үлкен із қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784028-trmedegi-zigit-mirinde-erekse-iz-kaldyrgan-otbasyly-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel