RU

Астанада АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы қамауға алынды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев тұтқындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы тұтқындалды
Фото:shymkent13.ru: Twitter

Астана соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбішев ісінің сотқа дейінгі тергеуін жүргізіп жатқан органдар өтінішхаты қанағаттандырылып, 16 наурыз күні шенеунікті қамауға алу туралы шешім шығарылған.

Ол 14 мамырға дейін екі ай бойы қамауда болады.

Сот өкілдері тергеуге байланысты басқа ақпаратты және шенеунікке қандай айып тағылғанын жария ете алмайтындарын жеткізді.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Ислам Әбішев су ресурстары комитетінің басшылығынан алып тасталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784077-astanada-asm-su-resurstary-komitetini-tragasy-kamauga-alyndy/