Әдемі болу үшін үсті-басына құрт жағып алған балақайлар жұртты күлдірді
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде беттеріне құрт жағып алған бүлдіршіндердің видеосы тарап, желі қоданушыларының ішек-сілесін қатырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Іnstagram-дағы insta_azil парақшасында жарияланған.
Аяла мен Махамбет есімді бүлдіршіндер бастарына құрт жағып алып, мәз-майрам.
"Үйден алып жақтық. Бірінші Махамбет жақты", - дейді Аяла.
Бүлдіршіндер мұны әдемі болу үшін жаққандарын жеткізген.
Желі қолданушылары балалардың тәтті қылықтарына риза болып, жылы ықыластарын білдірген.
"Тәтті балапандар", "Альгинатная маска", "Мамаларынан сосын таяқ жеген шығар", - деп оқырмандар пікірлер қалдырған.
Видеоның қайда және қашан түсірлгені белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784194-demi-bolu-sin-sti-basyna-krt-zagyp-algan-balakajlar-zrtty-kldirdi/