Ақтөбеде саунаға келушілерге қыз ұсынған жеңгетайлар ұсталды
Опубликовано:
Ақтөбелік полицейлер теміржол вокзалы айналасын тәнін сатқан жезөкшелер мен жеңгетайлардан тазартты. Тәртіп сақшылары қыздарды саудалап жүрген екі бірдей жеңгетай мен тәнін саудалап жүрген бір жезөкше қызды қолға түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"STOP трафик" жедел-профилактикалық шарасы барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері сауна келушілеріне жыныстық қызмет көрсетуге қыздар ұсынған саунаның әкімшісі ұсталды. 18 наурыз кешкі уақытта вокзал маңына қарасты аймақта мақсатты түрде жұмыстар өтіп, 4 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды",-дейді облыстық ІІД -нің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784364-aktbede-saunaga-kelusilerge-kyz-syngan-zegetajlar-staldy/