Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы автобус апатында зардап шеккен 27 адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан зардап шеккен 27 адам қалалық ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Әкім баспасөз хатшысының ақпаратына сәйкес, сағат 10:40-та автобустан барлық жолаушылар шығарылған.

Бастапқыда олардың қатарында зардап шеккен 25 адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Артынша жарақат алған жолаушылар саны 27 екені анықталды.

Жартысынан көбі ауыр жағдайда жатыр. Көмек көрсетуге 30-ға жуық дәрігерлер жұмылдырылған.

Айта кетейік, бүгін, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов тез арада оқиға орнына келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785140-nr-sltandagy-avtobus-apatynda-zardap-sekken-27-adam-auruhanaga-tsti/

pixel