RU

Адасып кеткен түлкібастық 80 жастағы әжей Шымкенттен табылды (фото)

Өткен аптада адасып кеткен Түлкібас ауданының тұрғыны, 80 жастағы әжей Шымкент қаласынан табылды. Жергілікті полицейлер адасып қалған қарт кісіні тауып, үйіне жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түлкібастық апа шымкенттен табылды
Фото: Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі: UGC

2019 жылы 20 наурызда Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның қызметкерлері үйінен шығып кеткен 80 жастағы әжейді тауып, туыстарына табыстаған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Сайрам елдімекенінде көшеде жалғыз жүрген егде тартқан кісіні байқап қалған. Сұрастырған кезде әжей өзінің қайда жүргенін білмейтіндігін, адасып қалғанын айтқан.

"Полиция қызметкерлері апаны тез арада Қаратау АПБ-ның учаскелік полиция пунктіне жеткізді. Жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде адасқан әжейдің Түркістан облысы Түлкібас ауданы Машат ауылының тұрғыны екені анықталған.
Қария тұрғылықты жеріне жеткізіліп, туған-туыстарына тапсырылды", - деп хабардар етті Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785160-adasyp-ketken-tlkibastyk-80-zastagy-zej-symkentten-tabyldy-foto/