Полиция елордадағы үш автобус апатына қатысты жауап берді
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан Полиция департаменті үш бірдей автобус апаты салдарынан көз жұмғандар туралы ақпарат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы оқыңыздар:
Нұр-Сұлтанда үш автобус соқтығысып, екі адам қайтыс болды>>>
Нұр-Сұлтандағы үш бірдей автобус апаты: Қала әкімі оқиға орнына келді>>>
Автобус апатынан аман қалған астаналық жігіт оқиғаны баяндап берді>>>
Нұр-Сұлтан әкімдігі автобус апатында қайтыс болғандар туралы ақпарат берді>>>
"Көз жұмғандардың біреуі - 1966 жылы туған азамат, автобус жүргізушісі. Екіншісі - 1992 жылы туған әйел, жолаушы", - деді полицияда.
Оған қоса, полиция зардап шеккендердің жағдайы туралы да мәлімет ұсынды. Төрт адамның жағдайы ауыр, үш тұрғынға ота жасалуда. Тағы үшеуі қарқынды терапия бөлімінде жатыр.
Полицейлер жол апатынан зардап шеккен жедел жәрдем дәрігерлерінің жағдайы туралы да хабарлады.
"№1 қалалық ауруханаға 1 зардап шегуші (ЖЖК фельдшері) жеткізілді. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды.
Орталық жол ауруханасына 1 зардап шегуші (ЖЖК фельдшері) тізе жарақатымен жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Ол амбулаторлық емге жіберілді", - деп қосты баспасөз хатшы.
Полиция мәліметінше, 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы мен АМО-ның бір бригадасы жұмылдырылған, бригада әлі де жұмыс істеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785162-policia-elordadagy-s-avtobus-apatyna-katysty-zauap-berdi/