Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен серкені 40 рет көтерген қазақ әйелі көпшілікті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Мүйізі қарағайдай серкені 40 рет көтеріп, отырып-тұрған қазақ әйелі көпшілікті тәнті етті. Алып ананың видеосы Quandyqkz парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тұяғы байланған үй жануарын иығына асып алған әйелге көрермендер қолдау білдіріп тұрған.

Видеодан жарысты ұйымдастырушының микрофонмен дауыстай санағанын да көруге болады.

Серкені 40 рет көтерген әйелдің бұл әрекетін көрген желідегілер әрі таңдана, әрі таңғала пікір білдірген.

"Өте керемет", "Нағыз батырлар осындай анадан туады", "Не деген күш", "Алып анадан туады" деген осы ғой".
"Нағыз қазақтың әйелі ғой", "Тіпті ерлердің шамасы келмейді ", "Шаршаса да 40-қа дейін жеткізді ғой", "Жарайсыз", "Ғұмырыңыз ұзақ болсын".
"Тайыншадай теке ғой", "Бұл да бір Алланың берген күші ғой", "Мықты әйел екен" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, видеоның қай өңірден түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785226-lken-serkeni-40-ret-ktergen-kazak-jeli-kpsilikti-tnti-etti-video/

pixel