Ресейлік бизнесмен Қазақстаннан қашып кеткен қылмыскер болып шықты
Опубликовано:
Омбының беделді бизнесмені, отбасыл жан Александр Чекменов (шын аты-жөні Николай Бутаков) Қазақстаннан қашып кеткен қылмыскер болып шықты. Ол 1999 жылы өз әріптесін өлтіріп, оның әйелін пышақтауға шақ қалған деп хабарлайды Петропавловск.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

90 жылдары Николай Бутаков рэктир және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Сол жылдары ресейлік бизнесмен адамдарға көрсеткен зорлық-зомбылығы мен өзгелерді үтікпен азаптағаны үшін түрмеге отырып шыққан.
Екібастұздағы түрмеден босап шыққан ол ең алдымен ескі танысына барады. Сол күні Николай қатты мас болған. Әңгіме барысында екі әріптестің арасында жанжал шығып, Николай досына бірнеше рет пышақ салып, шуды естіп, жүгіріп келген досының әйеліне де шабуыл жасамақ болған.
Сол сәтте жараланған ер адам пәтерден шығып, адамдарды көмекке шақырып үлгереді. Алайда қылмыскердің әріптесі әйелін өлімнен арашалағанымен, өзі көз жұмады.
Ал Бутаков сол күні қашып кеткен. Ер адам Омбы облысына барып, 1200 долларға жалған құжат жасатады. Отбасын құрып, бірнеше жылдар бойы ашық өмір сүріп, жалған есіммен жұмыс істеген. Сонымен қатар ол орман шаруашылығында табысты бизнес ұйымдастыра білген.
Өткен жылдың желтоқсанында құқық қорғау органдары қашқын Бутаковты ақыры қолға түсіреді.
Сот барысында ер адам 20 жыл бұрын әріптесінің пәтеріндегі жағдайды өзін қорғау мақсатында болғанын айтып, дәлелдеуге тырысқан. Алайда сотта оның қасақана кісі өлтіргені дәлелденген.
Айта кетейік, ресейлік бизнесмен 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785311-resejlik-biznesmen-kazakstannan-kasyp-ketken-kylmysker-bolyp-sykty/