Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қай өңірден 250 мың теңгеге баспана сатып алуға болады?

Опубликовано:

250 мың теңгеге үй сатып алу бір қарағанда күлкілі болып көрінеді. Алайда, Қазақстанда бұл сомаға баспаналы болу әбден мүмкін болып шықты. Оған қоса, мұндай бағаға тұратын үйлер электр және орталық су жүйесімен қамтамасыз етілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Krisha.kz
Фото: Krisha.kz: UGC

Krisha.kz сайтында ауданы 50 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі үйдің сатылып жатқаны туралы хабарландыру жарияланған. Баспана СҚО-дағы Саумалкөл ауылында орналасқан.

Оны бар-жоғы 250 мың теңгеге сатып алуға болады. Үй ағаштан жасалған, және хабарландырудағы мәліметке сүйенсек, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Оның үстіне, үй иесі айырбас жасауға мүмкіндік бар екенін хабардар еткен.

Фото: Krisha.kz
Фото: Krisha.kz: UGC

Сонымен қатар, сайтта ауданы алты соттық жер телімі бар үйдің сатылып жатқаны айтылған.

Хабарландыруда баспананың 1965 жылы салынғанымен үйдің жөндеу жұмыстарын қажет ететіні жазылып тұр. Ол Қостанай облысындағы Сарыкөл қаласында орналасқан.

Анықталғандай, үйге су мен электр тоғы тартылған. Кесек отынмен жылытылатын баспанада үш бөлме мен асхана бар.

Әжетхана далада орналасқан.

Өкінішке орай, сайтта баспананың суреттері жоқ. Тек қана картада оның қай жерде орналасқаны көрсетілген.

Фото: Krisha.kz
Фото: Krisha.kz: UGC

Сондай-ақ, сайтта Ақмола облысына қарасты Зеренда ауылында да үш бөлмелі үйдің сатылып жатқаны жайлы хабарландыру пайда болған

Ауданы 48 шаршы метр болатын үй ағаштан жасалған. Баспана иесі оның жағдайын орташа деп бағалауда.

Үйге электр тоғы тартылған. Алайда, сумен қамтамасыз етілмеген. Айта кетерлігі, үйдің жанында Айдабол көлі орналасқан.

Қалалық шудан әлдеқайда шалғай аумақта баспаналы болғыңыз келсе, 400 мың теңге жұмасауға дайын болыңыз. Хабарландыруда баспананы тез арада сатып жіберу керектігі жазылған.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Ал көршілес Қостанай облысында ауданы 480 шаршы метрді құрайтын үй 480 мың теңгеге сатылып жатыр.

Амангелді ауылында орналасқан баспананың 14 бөлмесі бар. Асхананың өзі 40 шаршы метрді құрайды. Хабарландырудағы мәліметке сәйкес, үй жөндеуді қажет етеді.

Бұл үйге де электр желісі тартылғанымен, сумен қамтамасыз етілмеген.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Алматы облысы Талғарда ауданында 90 шаршы метрді құрайтын бес бөлмелі үйді 460 мың теңгеге сатып алуға болады. Бұл үй сумен қамтамасыз етілгенімен, керісінше электр желісі тартылмаған. Алайда, мұның бәрін қайта қостыруға болады екен.

Анықталғандай, үй осыдан үш жыл бұрын ғана салынған.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Ауданы 115 шаршы метрлік бес бөлмелі баспананы Қостанай облысындағы Киевский елді мекенінен жарты миллионға сатып алуға мүмкіндік бар.

Үйдің жағдайы жақсы. Электр қуаты тартылған, ал баспананы жылыту кесек отынның көмегімен іске асырылады. Облыс орталығына жету үшін 140 шақырымды еңсеру керек. Үй есі айырбасқа келісетінін айтты.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Алматы облысындағы Шамалған станциясында ауданы 70 шаршы метрлік төрт бөлмелі үй сатылып жатыр. Ол 2018 жылы кірпіштен қаланған.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785342-kazakstanda-kaj-irden-250-my-tegege-baspana-satyp-aluga-bolady/

pixel