Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыссыз жүрген бойжеткен "Ақтөбе аруы" атанып, бағы жанды (фото)

Опубликовано:

22 жастағы Гүлбану Әбішева "Ақтөбе аруы" атанды. Сұлулығымен топ ішінен жеңімпаз атанған бойжеткен бір жылдан бері жұмыс таба алмай жүргенін айтып берді.  Жас маман енді бірнеше жыл оқыған мамандығы бойынша қызмет етпей, сән саласына бет бұрмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлбану Әбішева. Фото: KAZ.NUR.KZ
Гүлбану Әбішева. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мен өзім Астанадағы Еуразиялық университетін өткен жылы бітірдім. Қазір жұмыс іздеу үстіндемін. Барлық жұмыс орны тәжірибе сұрайды.

Оқу бітірген жас маман жұмысқа алмаса тәжірибені қалай жинайды? Мен қазір үйде жеңгелеріме қолғабыс етіп жүрмін. 

Енді сән саласын таңдап, осы жолда өзімді дамытатын боламын. Алдағы "Қазақстан аруы" байқауында лайықты түрде өнер көрсетуге уәде беремін", - дейді 2019 жылғы "Ақтөбе аруы" Гүлбану Әбішева.

Бойжеткен қарапайым отбасында тәрбиеленген. Анасы мұғалім, ал әкесі мал дәрігері екен.

"Кастинг 80 бойжеткеннің арасында өтті. Солардың ішінен 26 қыз таңдалып алынды. Қыздардың жүрісі, сөзі, өзін ұстауына қатысты бір ай бойына дайындық жұмыстары жүрді.

Байқау тегін. Және қыздар қаржылық шығынға батқан жоқ. Барлығын демеушілердің көмегімен фотосессия, шаш үлгісі, бет әрлеу, сәнді көйлектердің өзі тегін ұйымдастырылды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Ең қуанарлығы, жеңімпаз анықталғанда қыздар шу шығармай, бір-бірін құттықтап жатты. Құрбысы үшін қуана алды.

Дайындық кезінде қыздармен аналар үйіне де барған болатынбыз. Қыздар шыққанда "үлкен іс бітірдік" деп қуанып жүрді.

Яғни шара аясында қыздарымызға тәрбиелік акциялар да ұйымдастырдық деп ойлаймын", - деді шараны ұйымдастырышысы Нұржамал Мамутова.

Айта кетейік, Ақтөбедегі арулар байқауына мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785422-zmyssyz-zrgen-bojzetken-aktbe-aruy-atanyp-bagy-zandy-foto/