Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім ақша бермейді": Сырқатқа шалдыққан келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Аруназ есімді келіншек жуырда дертке шалдыққанын біліп, есеңгіреп қалғанын айтты. Біршама қаражатты қажет ететін отаға күйеуі қаражат бере алмайтынын жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дертке шалдыққан келіншек күйеуінің отаға ақша бергісі келмейтінін айтып, мұңын шақты
Көрнекі сурет: rotana.net: UGC

Келіншектің тұрмыс құрғанына небәрі жарты жылдың көлемі болған екен. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында күйеуінің табысы өспей, керісінше, жұмыстан қуыла жаздапты. Қаражаттың жетіспеушілігінен әйел жұмысқа тұруға мәжбүр болған.

"Өзім студент болсам да сабақ пен жұмысты қатар алып жүру керек екенін түсіндім. Себебі күйеуіме қарап отыра берсем, жағдайымыздың жақсармайтынын білемін. Оны жұмыстан шығарып жіберсе күніміз не болады деп қорқып, айналама жалтақтаудан шаршадым", - дейді Аруназ.

Келіншек жұмысқа тұрғалы бері жағдайының күрт нашарлағанын сезген.

"Соңғы күндері халімнің нашарлағанын сездім. Не де болса жұмыстан сұранып, бір күні дәрігерге бардым. Дәрігердің аузынан шыққан сөз көңілімді одан бетер құлазытты. Сүт безі қатерлі ісігіне шалдығыппын.

"Көзімнің жасын тия алмай кабинеттен шығып кеттім. Жап-жас күнімде осындай дертке шалдығамын деп мүлде ойламаппын.

Дәрігерлер отаны тездетіп жасаса, бәрі жақсы аяқталуы мүмкін екенін айтты", - дейді келіншек өз сөзінде.

Аруназ суыт хабарды бірден күйеуіне жеткізіпті. Ол болса, жұмыста екенін айтып, тұтқаны қоя салған.

Осыдан кейін жұбайлар арасындағы дау-дамай күн санап арта берген. Күйеуі келіншектің отасын төлей алмайтынын айтып, жұрттан көмек сұрауын өтінген.

"Мұндай сөздерді естігенде төбе шашым тік тұрды. Не сұмдық?! Мен бұл ауруды сұрап алғаным жоқ, оның үстінен ата-анамнан ақша алуға ұяламын. Жұрттан мүсәпірленіп ақша сұрау тіпті ойымда жоқ. Бірбеткей күйеуім айтқан сөзінен қайтпады. "Ақшам жоқ" деуден басқасын білмейді. Құдай қосқан жарым деген адамым осы болса, өмірде оңбай қателескен екенмін", - деп мұңын шақты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785573-kjeuim-aksa-bermejdi-syrkatka-saldykkan-kelinsek-myn-sakty/

pixel