Небәрі 268 грамм болып дүниеге келген сәбиді дәрігерлер құтқарып қалды (фото)
Опубликовано:
Аптаның басында Кейо токиялық университетінде әлемдік медицина тарихындағы ең шала туылған сәби үйіне жіберілді деп хабарлайды japantimes.co.jp.

Нәресте өмірінің 24-і аптасында кесір тілігі арқылы небәрі 268 грамм болып дүниеге келген.

Үйге шығарылған кезде сәбидің салмағы 3238 граммды құраған. Дәрігерлердің айтуынша баланың денсаулығы өте жақсы.


Бұған дейін әлемдегі ең аз салмақтағы сәби 2015 жылы Германияда туған. Кішкентай қыз 252 грам болып дүниеге келген.

Tiniest Babies Registry мәліметінше, заманауи медицина тарихында 300 граммнан асып туған 23 сәби ғана аман қалған екен.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785737-nebri-268-gramm-bolyp-dniege-kelgen-sbidi-drigerler-ktkaryp-kaldy-foto/