RU

Алматыда 83 жастағы қария көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Алматыда 83 жастағы қария сегізінші қабаттан құлап, қайтыс болды деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:kaluga24.tv
Фото:kaluga24.tv: Instagram

Оқиға 29 наурыз күні "Центральный" тұрғын үй кешенінде орын алған.

Қалалық полиция департаменті 83 жастағы қарияның өлімін растады.

Басылымның мәліметінше, алдын-ала болжам бойынша ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786039-almatyda-83-zastagy-karia-kpkabatty-jdi-terezesinen-klap-ketti/