Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

31 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с айналасында болады, екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Петропавл қаласында 31 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа райының бұзылу қаупі - 90-95%.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786087-soltstik-kazakstan-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/