RU

Тараз тұрғыны қышқыл көмегімен 16 терминалды істен шығарған (видео)

Таразда полицейлер 16 Qiwi терминалын істен шығарған жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Құқық қорғау органдарына арызданған жергілікті кәсіпкер белгісіз біреулердің 16 Qiwi терминалына қышқыл құйып, істен шығарып тастағанын айтқан.

Азамат бұл залалдың өтемақысын төрт млн теңгеге бағалап отыр.

Тәртіп сақшылары күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтаған. Ол өз ісін мойындағанымен, бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндіре алмапты..

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786091-taraz-trgyny-kyskyl-kmegimen-16-terminaldy-isten-sygargan-video/