Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалған қазақстандық марапатталды (фото)

Опубликовано:

Киев әуежайында кішкентай қыз баланы құтқарып қалған Ұлттық ұланның әскери қызметкері Алексей Кудиенко "Бауыржан Момышұлы. Батыр шапағаты" медалімен марапатталды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі: Depositphotos

Алексей Кудиенко марапатты Ұлттық гвардияның 6506 әскери бөлімінің командирі, Халық Қаһарманы полковник Қайрат Үмбетовтің қолынан алған.

Медаль Алексейге "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінің атынан табысталған.

"Қолбасшылық және әскери бөлімнің барлық жеке құрамы оның әрекетін жоғары бағалайды. Біз онымен мақтанамыз. Оның үлгісі бойынша, біз болашақ ұрпақты, жас жауынгерлерді тәрбилейтін боламыз", - дейді Үмбетов.
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі: Depositphotos

Сондай-ақ, командир сол сәтте Алексейдің демалыс уақытында жүргенін атап өтті.

Ол сонымен қатар сержант Кудиенконы марапаттау үшін жоғары басшылыққа өтініш бергенін де айта кетті.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғыны Алексей Кудиенко Киев әуежайында кішкентай қыз баланы құтқарып қалды. Кейін бүлдіршінге алғашқы көмек қолын созған ер адамның Ұлттық Ұлан қызметкері екені анықталды.

Күйеуінің ерлігі жайлы толығырақ баяндаған Алексей Кудиенконың жұбайы әскеридің ұшақта тағы бір аруға көмектескенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786171-kiev-uezajynda-kiskentaj-kyzdy-ktkaryp-kalgan-kazakstandyk-marapattaldy-foto/