Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатына не себеп болуы мүмкін?

Опубликовано:

Қазақстанның қарулы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында МИ-8 тікұшағы құлауының болжалды себептерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mod.gov.kz
Фото: mod.gov.kz: Facebook
"Бұл техниканың бұзылуы, адамдық фактор және метеорологиялық жағдайлар. Тергеу жұмыстары аяқталғаннан соң комиссия төрағасы ресми түрде мәлімдеме жасайды", - деді Қосанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 9 әскери қызметкерді туған жерінде жерлепті.

Қосанов төрт жігіттің денесін жақындарының қолына жеткізетінін алға тартты.

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

28 наурызда, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786324-kyzylorda-oblysyndagy-tiksak-apatyna-ne-sebep-boluy-mmkin/

pixel