RU

Алматыда ұрылар бір мезетте үш пәтерді тонап кетті

Алматыдағы Саялы ықшам ауданында бір үйдің бір қабатында орналасқан үш пәтер тоналды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда үй тонаушылар бір мезгілде үш пәтерді тонаған
Фото: en.postila.io: UGC

Куәгердің айтуынша, бесінші қабаттағы пәтерлердің астаң-кестеңі шыққан.

Полиция қылмыс фактісін растап, тергеу басталғанын хабарлады.

Арнайы тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер жұмысқа кірісті.

Қажетті шаралар кешенді түрде жүзеге асырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786646-almatyda-rylar-bir-mezette-s-pterdi-tonap-ketti/