RU

Шымкенттік полицейлер ата-анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алды

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов 3 сәуір күні №4 балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілердің тыныс тіршілігімен танысты. Ол директор Тастыбаевамен кездесіп, полицейлердің балаларды қамқорлығына алатындығын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік полицейлер ата-анасы тастап кеткен балаларды амқорлыққа алды
Фото: Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі: Facebook

1957 жылы іргетасы қаланған балалар үйінде бүгінде 92 тәрбиеленуші бар.

Ата-ана мейіріміне сусаған жеткіншектерге шымкенттік тәртіп сақшылары мереке күндері ғана емес, жылдың төрт мезгілінде жылылық сыйлап, қамқорлық танытуға бірауыздан келіскен.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Жумаханбетов аппараттық жиналыста №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алу туралы ұсынысты тастаған еді. Полиция қызметкерлерінің жеке құрамы оны бірауыздан қолдаған болатын", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкенттік полицейлер ата-анасы тастап кеткен балаларды амқорлыққа алды
Фото: Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1786828-symkenttik-policejler-ata-anasyz-kalgan-balalardy-kamkorlykka-aldy/